作词 : Qazaqsha
作曲 : Qazaqsha
Сен және мен
Арамызда жол жатыр көлдененнен
Сағынышқа айналды бар ғұмырым
Сенің сұлу көзіңді көрмегеннен
Амалым жоқ
Сені сүйген жүрегім жаралы боп
Күнде жылап кеудемде сені аңсайды
Жалғыздықтың ұнатқан аралы боп
Сезім үшін
бәрін қиып кетер ем сөзің үшін
Мен өмірді сүйемін керек десең
Жәудіреген бір сенің көзің үшін
Бірақ арман
Сені барлық шуақтан құрап алғам
Мөлдіреген көзіңдей мұң аспаннан
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам
Жайнап тұрған
жанарың ай жіпсіз ақ байлап тұрған
Сыңғырынан күлкіннің айналайын
Күн сәулесі секілді ойнап тұрған
Күйіп налып
жолдың бәрі өзіңе тұйықталып
Мен өмірді қайтадан бастадым ғой
Мәңгілікке өзіңді сүйіп қалдым
Сезім үшін
бәрін қиып кетер ем сөзің үшін
Мен өмірді сүйемін керек десең
Жәудіреген бір сенің көзің үшін
Бірақ арман
Сені барлық шуақтан құрап алғам
Мөлдіреген көзіңдей мұң аспаннан
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам
···Music···
Сезім үшін
бәрін қиып кетер ем сөзің үшін
Мен өмірді сүйемін керек десең
Жәудіреген бір сенім көзің үшін
Бірақ арман
Сені барлық шуақтан құрап алғам
Мөлдіреген көзіңдей мұң аспаннан
Мен өзіңді аяулым сұрап алғам