Айналайын, қарашығым, мөлдірім,
Сені үйімнен кетеді ұзап дегелі, дегелі,
Сен мен үшін орның бөлек дарасың,
Табиғаттың жұбай болу жолы ғой, жолы ғой
Сол жолменен құс боп ұшып барасың.
Мөлдір қызым, көзімдегі нұрдайсың,
Енді басқа үйдің бағын жырлайсың.
Барған жерге балдай батып, судай сің.
Сен мен үшін баға жетпес асылсың,
Сүйген жарың сән күйіңді асырсын.
Бақытты бол, бақытты бол, жан қызым, жан қызым,
Барған жерде бағың гүлдей ашылсын.
Мөлдір қызым, көзімдегі нұрдайсың,
Енді басқа үйдің бағын жырлайсың.
Барған жерге балдай батып, судай сің.
Бақытты бол, айналайын, алтыным,
Барған жерге балдай батып, судай сің жан қызым.