作词 : Orda
作曲 : Orda
Түнгі жаңбыр
тамшылап тұрды жүзімізге,
Жас толды кенет көзімізге,
Дәрменсіз тыныс үзілді де.
Соңғы үміт сөнгенін сездік өзіміз, тек
Айтылмай қалмай сөзімізде өкініш енді.
Жалғыз сапар шеккен өмірде
Үйрендік бәріне төзуге,
Суынған сезім қайта оралды көңілге.
Тағдыр кездестірген өзіңмен сол күнгі
Жүрекке қалдырған мәңгілік көркіңді
Сүйіп өтуге, ұмытпауға уәде берем.
Тағдыр бізді айырады ақыры бір күн,
Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін.
Қалай сенсіз жалғыз жүрдім?
сезімді соңғы жігеріммен,
Қосылсақ та сүйген жандарға,
Талпынамыз басқа арманға,
Мүмкін кездесерміз махаббат жолында,
Өзге үміт пен ұмытылған сағынышпен.
Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін.
Жалғастырдым
сезімді соңғы жігеріммен,
Жалғасы жоғын білемін мен, білемін мен