作词 : 哈萨克民歌
作曲 : 哈萨克民歌
Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар.

Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Құтты болсын тойларың, замандастар, жар-жар,
Жаңалыкқа жар болып, қадам бастар, жар-жар.

Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар,
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар.

Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар
Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар

Туған айдай толықсып толыңыздар, жар-жар
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар.