编曲 : Arxin Bahitbek
МЕН СЕНІ ҒҰМЫР БОЙЫ ІЗДЕГЕНМІН
Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін,
Табудан үмітімді үзбегенмін.
Сенбесең үңіл менің іздеріме
Сауырын соқпақ еткен жүзбелеңнің.
Жан едім жапан түздің киегіндей
Жүретн жат суатқа уйірілмей
Жаным-ау алдың баурап,
Жаным-ау алдың баурап иірімдей
Құшағын қарсы алдымнан тұрса да ашып
Өзгеге болмап едім мұнша қашық.
Сəлемің сенің ғана серпілдеді
Көңілім көп нəрседен жүрсе жасық.