作词 : Yulduz Usmonova
作曲 : Шахбоз Носирджанов,
编曲 : Махаббат
♬♩♩♩♩♩♩♬
Арманымның әппақ құсы ардағым,
Қиялымды құс жолымен жалғадым,
Түрлі-түсті тағдырымды таңдадым,
Сені жақсы көріп қалдым - махаббат,
Ғашықтардың мерекесін тойладым,
Ғашық болып қалғанымды ойладым,
Мен осылай жүрегіңмен ойнадым,
Сені жақсы көріп қалдым - махаббат,
Ақылымнан адастырған кім деймін, кім деймін,
Жүрегімді жылытпасаң күлмеймін,күлмеймін,
Мені жақсы көресің бе, білмеймін,білмеймін,
Сені жақсы көріп қалдым - Махаббат,
Ақылымнан адастырған кім деймін, кім деймін,
Жүрегімді жылытпасаң күлмеймін,күлмеймін,
Мені жақсы көресің бе, білмеймін,білмеймін,
Сені жақсы көріп қалдым - Махаббат,
♬♩♩♩♩♩♩♬
Көшкен жылдар көңілімді торлайды,
Күннің өзі айдан сәлем жолдайды,
Махаббатта кездейсоқтық болмайды,
Сені жақсы көріп қалдым - Махаббат,
Тағдырымның тосын сыйы сен деймін,
Ел айтатын ертегіге сенбеймін,
Жаным барда сені ешкімге бермеймін,