作词 : Aris Kaken
作曲 : Aris Kaken
编曲 : Oral Yamin
Естілді хабар сұп-суық,
Тұнжырады аспан кенеттен.
Жайдарлы әсем күндерім,
Өзгерді бұлай неліктен.
Сиқырлы өмір құбылған,
Бір жылаттың бір қуантып.
Сағынып дарқан даламды,
Аңсаумен өтті-ау көп уақыт.
Кетпейтін мәңгі санамнан,
Жолықтым қиын сәттерге.
Өшпестей болып жазылды,
Жүрегімдегі дәптерге.
Айтамын кімге егіліп,
Көңілімдегі жан сырды.
Жауап жоқ сансыз сұрақтан,
Тағатым әбден таусылды.
Үмітпен тағы жасаймын,
Бағынып мынау тағдырға.
Бақыттың алтын есігі,
Ашылар бір күн алдымнан.