作词 : 哈萨克斯坦民歌
作曲 : 哈萨克斯坦民歌
Барады аулым көшіп қызылжарға,
Таң атар шолпан туып сызылғанда
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Осы әнге қоңырлатып сала берем,
Көңілім сені ойлап бұзылғанда
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жап-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Не қалды,қарайғанда қамыс қалды,
Ауылы қалқатайдың алыс қалды.
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Аулына алыс қалған қарай-қарай,
Қайрылып қашығадай мойным талды.
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Көзіңнің мөлдірін-ай.