Түзу түзу жолдарды
Асулар мен жондарды
Суретшідей сомдады дала
Жол жүргенде жайдары
Сұлу самал майда әні
Көңілімді жайлады жаңа
Жол жүргенде жайдары
Сұлу самал майда әні
Көңілімді жайлады жаңа
Ооу Алыс түзу жолдармен заулап
Жүрегімде оттай сезімім барда
Жеткізбейтін қиял алда бәрі
Бәрі алда
Ұлы дала шақырады алдан
Таусылмайтын шексіз жолдарым арман
Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға
Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға
Түзу түзу көшені
Жүріп өткен кешегі
Қиял ойым кешеді самғап ау
Жүрегімде таң күлсін
Көне жолдар жаңғырсын
Өз таңбасын қалдырсын жолдар
Жүрегімде таң күлсін
Көне жолдар жаңғырсын
Өз таңбасын қалдырсын жолдар
Ооу Алыс түзу жолдармен заулап
Жүрегімде оттай сезімім барда
Жеткізбейтін қиял алда бәрі
Бәрі алда
Ооу Ұлы дала шақырады алдан
Таусылмайтын шексіз жолдарым арман
Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға
Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға