作词 : Dulat Mukhametkaliev/Azamat Zenkayev
作曲 : Olzhas Nurgaliyev/Azamat Ashmakyn/Daniyar Kulumshin
Кең далам-ай, биік қарағай, тұңғиық терең сай
Бұлбұл, құмай, киік, құралай, бие, құлын, тай.
Күннің әрі, түннің әні, шексіз көкжиек,
Шалғын көкорай (орай)
Сол бір жусан иісін-ай,
Сұлу үйлесімділікпен жел ойнайд (сырнай)
Неге адам бұны бағаламайд...
Жеріміз мол, жаяу жүрме, шаршайсың
Асау-асау атпен еркін шапқылайсың
Ары-бері кезіп ауысад есің 110 пайыз
Көк алаң жайлаудағы нағыз king-size
Ауылым кішкентай тек тек көрінбейд шеті
Дала-далада ойнайм 24/7
Мүлде дымға таң қала алмайм көрдім сұлулық шегін
Көңіл-күй дегеніміз vibe сезін домыбра шертіп
Дара нәйіс өзі...
Кең далам-ай, биік қарағай, тұңғиық терең сай
Бұлбұл, құмай, киік, құралай, бие, құлын, тай.
Бұның бәрі, бұның бәрі менің жерімде!
Шалғын көкорай (орай)
Сол бір жусан иісін-ай,
Сұлу үйлесімділікпен жел ойнайд (сырнай)
Неге адам бұны бағаламайд...
Дара нәйіс өзі...