演唱:yrsen
Көк жиектен күн шығады шұғылалы
Миллион жұлдыз алдыма келіп жығылады
Хош иіс таңғы кофе құйылады
Кейбіреулер жұмысына асығады
Кейбіреулер көрпесіне тығылады
Себебі түні бойы қыдырады
Көңілі жүрген күйзелісте
Көлігі тұрған кептелісте
Асығыс жан көп айналамда
Мен ғана асықпаймын
Қайда барады қайда
Бір сәт аялдамай ма
Қаланың адамы
Қай жаққа барады
Тоқтай алмай
Қайда барады қайда
Қадам баяуламай ма
Түюлі қабағы
Қалай бақ табады
Тоқтай алмай
Жалыққан соң тіршіліктен бір сарынды
Армандаумен жақынына мұң шағуды
Шыңайы кездесуге асығады
Көктемдей болып күлімдейді құлпырады
Бірақ бірақ көздерінде мұң тұрады
Бақыт іздеп жүргенін жасырады
Көңілі жүрген күйзелісте
Көлігі тұрған кептелісте
Асығыс жан көп айналамда
Мен ғана асықпаймын
Қайда барады қайда
Бір сәт аялдамай ма
Қаланың адамы
Қай жаққа барады
Тоқтай алмай
Қайда барады қайда
Қадам баяуламай ма
Түюлі қабағы
Қалай бақ табады
Тоқтай алмай