迪玛希 - Астана Вальсі 阿斯塔纳之歌 - Live
作词:Ертай Ашықбаев
作曲:Қанат Айтбаев
Аяулы армандарды аңсап ұстар –
Есілден басталатын қанша ағыс бар
Барша нұр аймалайды астананы
қонады астанаға барша құстар
Астанам —
Мәңгілік дастан-ән
Жайнаған гүлденіп жас қалам
Арайлансын ақ таңың
Мәртебелім мақтаным
Айбыным абыройым астанам
Шарықтап қуаныштың таныс әні
Күлкілер бір-бірімен жарысады
Келеді барлық әлем астанаға
Барша жұрт астанада табысады
Астанам —
Мәңгілік дастан-ән
Жайнаған гүлденіп жас қалам
Арайлансын ақ таңың
Мәртебелім мақтаным
Айбыным абыройым астанам
Көшелер көктем гүлін тағынады
Жастықтың жұлдыздары жағылады
Келгендер шаттанады астанаға
Кеткендер астананы сағынады
Астанам —
Мәңгілік дастан-ән
Жайнаған гүлденіп жас қалам
Арайлансын ақ таңың
Мәртебелім мақтаным
Айбыным абыройым астанам
Арайлансын ақ таңың
Мәртебелім мақтаным
Айбыным абыройым астанам